Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жетісу облысында Көрісу күні – «Амал» мерекесіне мыңнан астам адам қатысты

Жетісу облысында Наурызнама онкүндігі бүгін Көрісу күні – «Амал» мерекесімен басталып, оған 1 мыңнан астам адам қатысты. Бұл ретте Талдықорғандағы Б.Римова театрының алаңында өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысып, мерекеге жиналған қауымды облыс әкімінің атынан орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Өнер ордасы алдындағы алаң ұлттық нақышта безендіріліп, Талдықорған театрының әртістері театрландырылған көрініс ұсынды. Көрініс барысында өмірге келген сәбиге ат қою рәсімі атқарылып, адамдардың бір-бірін құрметтеу салты көпшілікке паш етілді. Атап айтқанда, үлкендердің құшақтасып көрісуі, келіннің сәлем салуы, ақсақалдың бата беруі, балаға ат қою сияқты дәстүрлер дәріптелді.    

Бұдан әрі мерекелік шара Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының  концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Амал мерекесіне қатысқан ақсақалдардың бірі Серік Нұрхалық:

— Бала кезімізде наурызда үлкендер жағы бір-бірімен қол алысып, «Жасың құтты болсын» деп құшақтасып жататын. Ауыл балалары үй-үйді аралап, үлкендердің берген тәттілерін қалтасына сыйғыза алмай, бала көңілмен марқайып, бір жасап қалатынбыз. Көрісу мерекесі негізінен еліміздің батыс облыстарында кең тараған. Осы күннің Наурыз мерекесінің бастауы ретінде қайтадан жанданып жатқанынан қуанамыз, — дейді.

Осы күні облыстың барлық аудан-қалаларында мерекелік концерт, театрландырылған көріністер, кездесулер өтіп жатыр.

Еске салсақ, Президенттің бастамасымен өткен жылдан бері 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі белгіленіп, оның әр күні өз атауына сай тақырыптарды дәріптейді. Онкүндіктің басы 14 наурыз Көрісу күні, «Амал» мерекесі деп аталды. Бұл — адамдардың бір-біріне деген құрметі артып, өкпе-реніштері кешіріліп, құшақтасып қауышатын күні.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov