Жетісу облысында онлайн сатып алуға қатысты арыздар саны көбеюде

Жетісу облысында алаяқтық әрекеттерінің өсуі байқалады, олардың басым көпшілігі сапасыз тауарларды сату мен онлайн сатып алу кезінде тұтынушылар құқығын бұзылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында интернет сауда саласында тұтынушылар құқығын қорғау тақырыбында өткен брифингте Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық полиция мәлімдеді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев тұтынушылар құқығын қорғау саласында өсім байқалатынын айтты. «2024 жылдың 25 маусымы бойынша бойынша Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 397 өтініш, оның 152 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 8 845 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған», – деп хабарлады. Өтініштердің саны 2022 жылмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы, тұрмыстық қызмет, одан кейін электронды сауда алады. Департамент тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде ақпараттандыру мақсатында 29 шара өткізді, соның ішінде тікелей эфирлер, лекциялар мен семинарлар да бар. Полиция капитаны Серік Демейов те брифингте сөз сөйлеп, онлайн сауда саласында алаяқтармен күрес шараларын күшейту қажеттілігі жайында жеткізді. «2023 жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 – ті құрады, ал ағымдағы жылы 6 айда – 46-ны құрады, оның 20-сы оң шешілді», – деп хабарлады. Департамент пен полиция өкілдері тұтынушылардың өз құқықтары мен алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы білімін жетілдіруге баса назар аударуға шақырып, азаматтарға интернет-транзакциялар кезінде қырағы әрі сақ болу қажеттігін ескертті.

Мәліметпен бөлісу: