Жетісу облысының Алакөл ауданында Жыланды, Үшбұлақ ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйекте  Жыланды,Үшбұлақ ауылдық округтерінің  әкімдерінің сайлауы өтеді.

2023 жылғы 16 тамызда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жыланды,Үшбұлақ  ауылдық округтеріне 2023 жылғы  24 қыркүйекке  сайлау тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссиялары, 32 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Округ бойынша сайлаушылар саны Жыланды ауылдық округінде – 988, Үшбұлақ ауылдық округінде – 513  адамға жуық санды құрайды.

2023 жылдың 17 ақпанынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2023 жылдың 22 тамыздағы  жағдай бойынша 5 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен,1 кандидат «AMANAT» партиясынан  ұсынылды.

Алакөл ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 29 тамызда сағат 18-00 дейін жалғасады.

Алакөл  аудандық сайлау комиссиясы

Мәліметпен бөлісу: