Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өңірдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім 3,7%, өнеркәсіпте – 3,6%, тұрғын үй – 4,4%-ды құрады, құрылыс жұмыстары – 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.