
Жетісу бөлек цифрлық сервистерден толыққанды Smart Region моделіне өтуде – технологиялар мемлекеттік басқару, көлік, ТКШ, қауіпсіздік және медицина салаларында енгізіліп жатыр.
• Жыл басынан бері тәулік бойы жұмыс істейтін «109 қызметі» 14 мың өтінішті өңдеді.
• TARGET-AI 33 локацияда жұмыс істейді және бейнеаналитика мен жүзді тану функциясы бар 87 камераны пайдаланады. Жыл соңына дейін олардың санын 150-ге дейін арттыру жоспарлануда.
• 68 кешен жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейді.
• Талдықорғанда су мен жылуды есептейтін 2,6 мыңнан астам ақылды құрылғы орнатылды.
• Барлық қалалық автобус ONAY! жүйесіне қосылған, сондай-ақ қалада 21 ақылды аялдама жұмыс істейді.
• ЖИ дәрігерлерге көмектесуде: үш инсульт орталығындағы Cerebra жүйесі инсульт пен қан құйылу белгілерін анықтауға көмектесіп, 2 172 КТ-зерттеуді талдады.
• Болашағын IT-мен байланыстырғысы келетіндер үшін Jetisu Digital жұмыс істейді. Тек осы жылдың өзінде мұнда 57 іс-шара өтіп, оған 1 380-нен астам адам қатысты.
Бұл – өңірде сәтті жұмыс істеп тұрған цифрлық шешімдердің бір бөлігі ғана. Келесі қадам – технологиялар тұрғындарға жоғары қауіпсіздік, қолайлылық, қолжетімді қызметтер мен жаңа мүмкіндіктер беруі үшін оларды бірыңғай жүйеге біріктіру.
