Белсенді жастармен кездесуде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері өндіріске қажетті жаңа тәсілдерді зерделеудің және инновациялық технологияларды енгізудің маңызы туралы айтты. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қазіргі атом электр стансалары сенімді, адам өміріне қауіпсіз, ең озық және тексерілген технологиялар негізінде салынып жатыр.
Сондай-ақ ол АЭС-тің жұмысы мен оны пайдалану кезеңінде халықаралық сараптамалық ұйымдар тарапынан сенімді бақылауға кепілдік берілгеніне тоқталып, азаматтарды ел игілігі үшін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Экономиканың ұзақ мерзімді мүдделеріне және қажеттіліктердің жедел артуына байланысты АЭС салу мәселесі стратегиялық сипатта ие екенін көріп отырмыз. Сондықтан халықтың бұл мәселеге қолдау білдіруі еліміздің дамуы жолында аса маңызды. Атом электр стансасын салу кезіндегі негізгі басымдық адамдардың қауіпсіздігі екені анық. Сол себепті, қазақстандықтар қолдап дауыс берсе, АЭС ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес салынады. Жобаны іске асыру кезінде табиғи апаттар мен басқа да ықтимал сын-қатерлердің алдын алуға қажетті шаралар міндетті түрде ескеріледі. Стансаның қауіпсіз жұмысын МАГАТЭ мен басқа да халықаралық ұйымдар мұқият қадағалайды», – Палата Төрағасы.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері елдің энергетикалық тәуелсіздігіне бастайтын жол ретінде атом электр станциясын салу жобасына қолдау білдірді.