Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отырған «Шертпе күй» республикалық фестивалі,ағымдағы жылдың 25-26 қазан күндері аралығындаТалдықорғанқаласында өтеді. Бұл туралы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.
Шара мақсаты халқымыздың мәдениетін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы дәстүрлі өнердің төл туындыларын кеңінен насихаттау болып отырған бұл фестивальге республиканың түкпір-түкпірінен 30 шақты күй өнерінің майталмандары өтініш білдірген.
– Қазақтың күй өнерінің екі үлкен арнасы бар ол төкпе күй және шертпе күй. Осы екі арнаның ішінде шертпе күйдің өз дәстүрін сақтап, жаңа заманда өзінше дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Олай айтуымның бір дәлелі облыс, республика деңгейінде әр түрлі атаулы байқаулар мен іс-шаралар өткізіліп жатады. Дегенмен, шерпе күйдің жалпы аймақтық мектептерін біріктіріп саралайтын осындай үлкен фестиваль республика деңгейінде Талдықорған қаласында алғаш рет атап өткелі отыр-, деді Күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, қазылар алқасының төрағасы Жаңғали Жүзбаев.
Аталмыш фестивальде, Шертпе күйлер кең байтақ Қазақстанның шығысы — Алтай, Тарбағатай, орталығы — Ұлытау, Шыңғыс тау өңірінен бастап Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қонысталған ел арасына көп тараған күйлермен оның орындаушылық негізін салып, мектебін қалыптастырушылар – Байжігіт, Бейсембі, Тәттімбет Қазанғапұлы, Көжеке Назарұлы мен Сүгір Әліұлының күйлері орындалады. Осы туралы толғырақ домбырашы-күйші, зерттеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорыБіләл Ысқақов атып өтті.
« Осы байқаудың басты талаптарының бірі болып жас шектеулігі ол 18-45 жас аралығы және күйші, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқанТөлеген Момбековтың күйін орындау болып отыр. Жәнеде тағы бір басты талап ешбір күйдің сарынын бұзбай өз нақышында орындау. Байқау – екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар 4 күй орындап, келесі кезеңде тек мықтылар жолдама алады. Екінші кезеңге өткен күйшілер бас жүлдеге 26-шы қазан күні бақ сынасатын болады»-, деді ол.
Айта кету керек, фестиваль жеңімпаздарына бас жүлде, І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші орын және «Төлеген Момбеков», «Нұрғиса Тілендиев», «Ақ қыз» атындағы арнайы жүлделер табысталатын болады.