Жетісуда 1108 бизнес нысаны «Ashyq» жүйесінен шеттетілді

Алматы облысында өткен тәулікте 120 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Өңірдегі індеттің өсу қарқыны-0,2% құрап отыр.
Кеше түні, 14 жасқа дейінгі 24 баладан, оқушылар арасында 14 және студенттер арасында 4 коронавирустық инфекцияға шалдыққан жағдайы тіркелген.
Облыс бойынша КВИ ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,6%, Балқаш – 0,4%, Еңбекшіқазақ – 0,4%, Қаратал – 0,5%, Панфилов – 0,4%, Сарқан – 0,6% аудандарында Текелі қаласында-0,4% байқалады.
Аймақта карантин шаралары енгізілген кезде, «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылғаны баршаға мәлім. Бүгінгі таңда 10 мыңнан бизнес нысаны аталмыш платформаның қатысушылары болып табылады.
10 маусым мен 10 қазан аралығында карантиндік-санитариялық нормаларды бұзған 3 746 адам тіркелді, оның ішінде 2 797 адам «қызыл» және 949 адам “сары” мәртебеге ие. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға 5 863 170 теңге сомасына 134 айыппұл салынды. Сонымен қатар, COVID-19 науқастарымен байланыста болған азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау талабымен 391 қаулы шығарылды.
Айта кетейік, санитариялық-карантиндік ережелерді бұзушыларды анықтаумен мониторингтік топтар белсенді айналысады. Жұмыс басталғаннан бері ШОБ субъектілеріне 6 568 тексеру жүргізілді, 1 108 бұзушы анықталды. Олардың барлығы 2 аптаға «Ashyq» жүйесін пайдаланудан шеттетілді.

Мәліметпен бөлісу: