Жетісуда Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтуде

Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан бастап 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. Бұл күні  тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылуда.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Жетісу өңірінде «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

«Republic Day» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі

№Сауда нысанының атауыСауда нысанының мекенжайы
1«Алматы-1» сауда үйіТалдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83
2«Алматы-2» сауда үйіТалдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 83
3«Астана-1» сауда үйіТалдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112
4«Астана-2» сауда үйіТалдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 112
5«Болашақ» сауда үйіТалдықорған қаласы, Дарабоз ана көшесі, 91
6«Жетісу» сауда үйіТалдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 114
7«ЦУМ» сауда үйіТалдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 46
8«Евразия» сауда үйіТалдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51
9«Шаған» сауда үйіТалдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 51А
10«Дәулет» сауда үйіТалдықорған қаласы, «Жастар» шағын ауданы, 51А

«Bereke Fest» республикалық акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі

№Сауда нысанының атауыСауда нысанының мекенжайы
1«Тоймарт» сауда желісіТалдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 54
2«Small» сауда желісіТалдықорған қаласы, Абай көшесі, 274
3«Magnum» супермаркетіТалдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 20
4«Food Mart» супермаркетіТалдықорған қаласы, Рақышев көшесі, 1
5«As-mart» супермаркетіТалдықорған қаласы, Гаухар ана көшесі, 222
6«Family market» супермаркетіТалдықорған қаласы, Ескелді би, көшесі, 47
7«Магнит» супермаркетіТалдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 206
8«Центральный» супермаркетіТалдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 34
9«Восток» шағынмаркетіТалдықорған қаласы, «Шығыс» шағын ауданы
10«Дархан» шағынмаркетіТалдықорған қаласы, Уалиханов көшесі, 183
11«Мандарин» шағынмаркетіТалдықорған қаласы, Абай көшесі, 298

Мәліметпен бөлісу: