Алматы облысына жыл басынан вакцинаның І компонентінің 498 170 дозасы келіп түсті. Оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 422 670 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак, 28 000 КоронаВак. Ал ІІ компонент бойынша екпенің 292 030 дозасы өңірге алып келінді. Ашып айтар болсақ, 39 500 Hayat-vax, 216530 Гам-Ковид-вак, 8000 Qaz-вак, 28 000 КоронаВак аймақтағы медициналық ұйымдарға жеткізілді.
Айта кету керек, вакцинаның бірінші компонентімен 419 833 адам егілді, екінші бөлігін 235 579 тұрғын қабылдады. Вакцина алғандардың арасында 11 215-і мемлекеттік қызметкер. 22 579-ы медицина қызметкерлері. Ал педагогтар саны -36 568. БАҚ – 139, созылмалы аурулары бар адамдар– 3121 және басқа сала қызметкерлерінің саны- 304 735.