Жетісулық 517 мыңға жуық адам екпенің екінші бөлігін алды


Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылып, 19 305 доза вакцина қалды.
II компоненттен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 551 352 адам егілді, екіншісінен – 383 422. Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді.
Айта кетейік, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6%-дан (19.07-25.07) 0,9% — ға дейін (26.07-01.08) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 2,0%, Балқаш — 1,3%, Ескелді – 1,3%, Іле — 1,1%, Қарасай — 1,6%, Сарқан-1,1% аудандарында байқалады.

Мәліметпен бөлісу: