Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Өжеттік пен нәзіктік ұштасқан

Жалпылама түсінікпен қарасақ – адам өміріне қауіп төнер немесе ауыр жұмыстарда, әсіресе құқық қорғау органдарында көбіне тек ерлер қызмет ететіндей көрінеді. Алайда, жаңа заманның жаңаша үдерістеріне сай бұл салада өжеттігі мен нәзіктігі қатар өрілген арулар да еңбектенуде.

Қауіп пен қатерге, үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты, төзім мен табандылықты талап ететін тәртіп сақтау саласында арулардың да ерлердең еңбек етуі қуантады. Олар өзінің өзгеше ойлау қабілетімен, ұжымды ұйымдастыра білуімен ерекшеленеді.

Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен таласа келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алакөл аудандық полиция бөлімінің белді маманы, өзінің нәзіктігіне қарамастан ауыр қызметтің жүгін абяроймен арқалап жүрген Хаджимұратова Сабина Расулқызы жайлы айта кетсек деп отырмыз.

2001 жылы сәуірдің екіндызында Қабанбай ауылында дүние есігін ашқан кейіпкеріміз Үшарал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебін тәмамдаған. Бала күннен тәртіп сақшыларының қызметіне қызығып, оларды үлгі тұтқан жас қыз өзінің өмірлік бағытын осы саламен байланыстыруды мақсат етеді. Сөйтіп, 2018 жылы Қостанай қаласындағы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсіп, 2022 жылы қолына дипломын алады. Лейтенант шенін таққан шешімі айқын қыз Алакөл аудандық полиция бөліміне қызметке орналасып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы лауазымына келді. Қазіргі таңда аға лейтенант дәрежесіне жетіп, өзінің өктемдігін, өжеттігін, табандылығын, қызметіне адалдығы мен ұқыптылығын барынша көрсетуде.

Кемшілікке жол бермейтін, қызметін олқылықсыз атқаруды қалайтын сақшы қыз қоғамға да беделді. Жұмыс барысында туындаған қиын мәселелерді шешудегі тапқырлығы мен жеделдігінің арқасында халықтың алғысы мен рахметіне бөленуде.

«Мен бала күннен тәртіп пен ерліктің үлгісі болған полиция қызметкерлерінің жұмысына қатты қызықтым. Беделі жоғары, сый-құрметі ерекше жандардың ел үшін еткен еңбектерінің маңыздылығын түсінетінмін. Болашақта өзім де осы бағытта қызмет етімен деген айқын мақсатты алдыма қойдым. Тәуба, арманым адастармады. Мектепті аяқтай сала бірден академияға құжат тапсырып, оқуға түстім. Қолыма дипломымды алып, өзімнің туған жерімнің дамуына үлес қосамын деген ниетте Алакөлге келіп, мінекей өз қызметімді абыроймен атқарудамын»,- дейді Сабина Расулқызы.

Сақшы қыздың сабырлығы, қызметтегі байыптылығы да бір төбе. Өзіне жүктелген жұмысты тиянақты әрі жылдам атқарып, басшылықтың да мадақтауына ие болуда.

Аз ғана қызмет уақытында ???????? секілді марапаттарға ие болып, мерей-мәртебесі өсіп жатыр.

Ерлермен тең еңбек етіп жүрген, құқық қорғау саласында халық игілігін сақтауға атсалысып жүрген Сабинадай барша аруларды осынау мерекемен құттықтап, толайым табыс, толағай жетістіктер тілейміз. Ел тұғырын тік, туын нық ұстауда өз үлестеріңізді қосып, әлемді құлпыртып жүре беріңіздер.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov