«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі Лепсі филиалының өкілдері Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысты.


Бүгін Алакөл ауданы Лепсі ауылындағы №80 сайлау учаскесіне «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі Лепсі филиалының 50 өкілі топ болып келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасады.
Ұйымшылдықпен келіп, дауыс беру – мекеме қызметкерлерінің елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, азаматтық құқықтары мен жауапкершіліктеріне үлкен мән беретінінің айқын көрінісі.
Әрбір азамат белгіленген тәртіпке сай өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдірді. Бұл – қоғамдағы татулықтың, бірліктің және азаматтық жауапкершіліктің белгісі.
«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі Лепсі филиалы өкілдерінің сайлауға белсенді қатысуы – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің жарқын үлгісі.

Мәліметпен бөлісу: