Жуырда аудан әкімінің орынбасары А.Чалкеновтың төрағалығымен «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» республикалық күре жолын күрделі жөндеуден өткізу бойынша өңіріміздің аумағына кіретін участоктарындағы жұмыстарды пысықтау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Оған тиісті мекеме, бөлім басшылары, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ, «Дирекция по строительству», «CITIC Construction Co,.Ltd», «Каздорпроект» ЖШС, «ППМ комплект» ЖШС мен «Eco-Consulting» ЖК өкілдері қатысты.
Талай жылдан бері таптаурын болған тақырыптың бірі – жол мәселесі. Ауданымыздың туризм саласындағы әлеуеті өте жоғары болғандықтан өңірімізге қарай тартылған тас жолдардың бүтіндігі басты пробламалардың қатарында. Қазіргі таңда әуеғ темір жол қатыснастары жаңа деңгейге көтеріліп, меймандар тасымалы жеңілдетілгенімен, жалпы қолданыстағы автокөлік құралдары арқылы ауданға сапар шегу біраз төзімділік пен уақытты талап ететіні жасырын емес. Осы ретте көптен бергі көкейкесті мәселенің де түйіні табылып, Талдықорған шаһарынан бергі тас жолдың жөндеуден өтетіні тұрғындарды бір қуантты.
Күре жолдың орналасу арнасында біраз өзгерістер орын алатындықтан үйреншікті жерлерде орналасқан нысандардың орны өзгертіліп, құрылысы қайта қолға алынбақ. Атап айтсақ шеп пен жол пайдалану учаскесі кешенінің және әуежай аумағындағы үшіп-қону жолағында атқарылатын жұмыстар таразына басынан тасталды.
Кездесуді ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов ең өзекті мәселе саналатын жол машақаты жуық жылдары өз шешімін тауып, Алматы – Талдықорған бағытындағыдай барлық талаптарға сай күре жолмен қатынайынымызды айтып өтті.
«ППМ Комплект» ЖШС-нің бас иженері Г.Кан «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағытындағы күре жолдың 556-шы шақырымындағы шеп пен 558-ші шақырымындағы ЖПУ құрылысы туралы мәлімет берді.
«Eco-Consulting» ЖК-нің өкілі Е.Бабалык «Үшарал» әуежайының ұшып-қону жолағы, рульдеу жолы мен перронның және автотұрақты жөндеу бойынша баяндама оқыды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов талқыланған тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың барысына сәттілік тіледі.
Н.МАҚСАТҰЛЫ.