
ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың қауіптілігін елемейді, «құс» және «шошқа» тұмауынан үрейленгенде ЖРВИ мен тұмаудың әлдеқайда қауіпті сырқат екендігін ұмытып кетеді. Сондықтан, тақырыптың ауқымдылығына қарамастан, ең қажетті және өзекті ақпаратты ғана ұсына отырып, аталмыш ауруға бүкіл мақаланы арнауды шештім.
Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, коронавирус,метапневмовирус (ауданда тіркелген жоқ)және басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.
ЖРВИ- бұл төрт ортақ белгілерді біріктіретін аурулар тобы.
Олардың барлығы жұқпалы болып табылады.
Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы келеді;
ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. Ауруды тегіннен респираторлық, яғни «тыныс алуға қатысты» деп атаған жоқ;
ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.
ЖРВИ кезінде не болады?
Вирустар мен бактериялар тыныс алу жолдарына түседі, шырышты қабыққа түсіп, зиянды заттар уыттар бөліп шығарады, сосын олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
ЖРВИ немен қауіпті?
қатты ауырғандар және қатты асқынулар бойынша емдеуге жатқызуға мұқтаж.
Диагностика және емдеу.
ЖРВИ диагнозын дәрігер қараған және науқастан сұраған кезде қояды.Соныиен қатар қан және несеп талдауын сұрпуы мүмкін.
ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдаятта немесе шиеленген жағдайда жібереді.
Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат ішуі керек.Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек.
ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады.
ЖРВИ мен тұмауды алдын алу:
Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
Екпелік алдын алу;
Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
жүкті әйелдердегі ЖРВИ ағымының ерекшеліктері.
Жүкті әйелдерде ауыр клиникалық көріністер болмаған кезде ЖРВИ ұзаққа созылуымен сипатталады. Бұл тыныс алу тобы вирустарының плацентада көбею қабілетіне, сондай-ақ жүкті әйелдің иммундық жүйесінің ерекшелігіне (физиологиялық иммун тапшылығы жағдайы) байланысты.
Негізгі клиникалық белгілері: субфебрильді немесе қалыпты температура аясында жалпы интоксикация құбылыстары (мімкәстік, әлсіздік, шаршағыштық және т.б.), ринит немесе назофарингит белгілері. Жүкті әйелдерге тән ЖРВИ-дің жойылған клиникасы көбінесе дәрігерлердің де, әйелдің де ауру фактісіне жеткіліксіз көңіл бөлудің себебі болып табылады және жүктілік кезінде асқынулардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Профилактикалық іс-шаралар
Барлық жүкті әйелдер тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы қаупі мен туындауы кезінде адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға барудан барынша аулақ болуы керек.
Жіті респираторлық инфекциялармен жұқтыру қаупі болған жағдайда қоғамдық орындарда қорғаныс маскасын кию керек. Маска кию өзін ақтау үшін, оны дұрыс кию маңызды, масканы 3 сағаттан кейін ауыстыру керек, содан кейін маска ылғалданады және тиімсіз болады. Ешбір жағдайда қорғаныс маскасын екінші рет қолдануға болмайды.
Жүктілік алдындағы жылы үш немесе одан да көп рет ЖРА-мен ауыратын жүкті әйелдерді, асқынулардың даму қаупі жоғары топқа жатқызу керек.
Пациенттердің бұл тобына, сондай-ақ барлық жүкті әйелдерге тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы қаупі бар және туындаған кезде спецификалық емес алдын-алу курсын жүргізу керек.
Витамин-минералды кешендерді қолдану вирусқа қарсы иммундық реакцияны қалыптастыруға көмектеседі, олар жасуша мембранасын инфекциялық агенттің зиянды әсерінен қорғайды (А, С, Е витаминдері; селен, магний, темір микроэлементтері), шөп дәрілерін де қолдануға болады.
Алдын алу шаралары гравидар алды дайындық сатысында және жүктіліктің бірінші триместрінен бастап ЖРВИ ауруының жоғары қаупі бар топтағы әйелдерге, сондай-ақ жүктіліктің кез келген мерзімінде тұмау мен ЖРВИ эпидемиясының пайда болу қаупі бар барлық жүкті әйелдерге қажет.
Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:
Науқас адамдармен байланыстан алшақ болу;
Науқасқа 1 метрден жақын жақындамау;
Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде демперде кию;
Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау;
Бөлмені жиі желдету;
Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.
Егер Сіз бәрібір ауырып қалсаңыз, онда:
Басқа адамдарға қауіп төндірмеу және қауіпті асқынуды болдырмау үшін үйде қалыңыз;
Төсек тартып жату режимін қадағалаңыз;
Мүмкіндігінше өзіңізді басқа отбасы мүшелерінен оқшаулаңыз;
Аурудың бірінші белгілері кезінде дәрігерді шақырыңыз;
Бір реттік қол орамалын қолданыңыз, қолданған соң бірден оны лақтырыңыз;
Дәруменді сұйық сусындарды, сонымен қатар қызу басатын қасиеті бар мүкжижек, итбүлдірген тұнбасын көп ішіңіз;
Дәрігердің барлық тағайындамасын орындаңыз және препараттар қабылдаңыз, әсіресе вирусқа қарсы, қатаң кесте бойынша. Сіз жазылған сияқты болсаңыз да, препарат қабылдаудың толық курсын өтуіңіз қажет;
Хал-жағдайыңыз нашарлап кеткен жағдайда дәрігерге уақытылы бару және қажетті ем алу үшін, өз хал-жағдайыңызды мұқият қадағалаңыз.
Осы орайда Аудандық ауруханада сенбі жексенбі күндері емхана жұмыс жасайды,кезекші дәрігерлер 09:00-18:00 дейін кезекшілік етеді.Күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс жасауда.Кез келген шағымдарыңыз ЖРВИ белгілері болса жедел дәрігерге қаралуыңыздарыңызды сұраймыз!Уақтылы емделу аурудың асқынып кетуне жол бермейді. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау, тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу денсаулықты сақтап, өмір сүру сапасын жақсартып және отбасылық бюджетті үнемдеуге септігін тигізеді!
Дайындаған:ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК, ВОП дәрігер Асанова Жазира Асанқызы