Журналистер үйі маңында ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінің маңында ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл игі іске БАҚ өкілдері мен жастар белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Шара барысында қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылып, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыс атқарылды.

Ағаш отырғызу — болашаққа салынған үлкен инвестиция. Біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытып қана қоймай, қоғамға жақсы үлгі көрсетіп отырмыз. Мұндай бастамалар жас ұрпаққа тәрбие берудің тиімді жолы, — деді шараға қатысушылардың бірі Айжан Тұрғанбайқызы.

Таза Қазақстан жобасы аясындағы ағаш егу акциялары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде сенбіліктер үнемі ұйымдастырылып келеді.

Фото: Александр СКЛАБОВСКИЙ

Мәліметпен бөлісу: