Жыланды жұртшылығымен жүздесті

Аудан басшысы А.Абдинов Жыланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін естіп қайтты.

Алдымен, 2023 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарды қорытындылап, 2024 жылғы жоспарларымен таныстырып өтті.

Жыланды ауылдық округінің тұрғындары тарапынан ауылға қатысты бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Көкжар орта мектебіндегі интернет мәселесі, Н.Қазанғапов көшесіне тас төсеу, Майқан ауылындағы ауыз су, Шынжылы ауылы, Есімтөре көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату және жер мәселелері көтерілді. Аудан басшысы тарапынан әр өтінішке заңға сәйкес жауап берсе, енді бірін шешу үшін жауапты бөлім, мекеме басшыларына жүктеді.

Жыланды ауылының тұрғындары аудан әкімінің жеке қабылдауына кіріп, 7 азамат тұрғын үй кезегі, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, жер және жер үлесін анықтау мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: