Заман талабына сай жылу мен электр қуатын өндіруде тың жобаларды жүзеге асыру еліміздің даму өзегіне айналары сөсзіз. Бұл ретте 2024 жылдың жұмыс бедеріне назар аударсақ аталған салаларда атқарылған ілкімді істерді аңғаруға болады.
Жаңа технологиялар дәурені жүріп тұрған уақытта электр қуатын тұтыну мен қажеттілігі күн санап артуда. Бұл ретте өзгелерге деген тәуелділіктен құтылу мен ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар көңіл қуантуда.
2024 жылы жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асру үшін 58,3 млрд. теңге болған. Қыруар қаражат ең алдымен осы бағыттағы күрделі мәселелерді шешуге, жаңа нысандардың құрылысын жүргізуге жұмсалды.
Аталған қаражат негізінде 14 ірі жоба қолға алынып, барлығы да ойдағыдай орындалып отыр. Қазіргі таңда 2,8 ГВт болатын 22 инвестициядық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалған.
Үйреншікті тұрмыс үрдісімізді жалғастырып, жаһан көшінен қалмаймыз десек аталған бағыттардағы жұмыс қарқынын арттыра беруге тиіспіз. Сонда ғана бәскелестікке лайықты болып, көздеген арман-мақсаттарымыздың биігіне шыға аламыз.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
«Алакөлй аудандық газетінің бас редакторы