Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына барып, дауыс берген халық саны артуда.
Солардың бірі Алакөл ауданында Славян этно мәдени орталығының өкілдері қалыс қалмай, ұжыммен барып, Қабанбай ауылы, №75 сайлау учаскесіне өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Аталған ұжым бүгінгі күні аудандағы этносаралық қатынасты, татулық пен келісімді нығайту жолында еңбек етіп келеді.
— Сайлауда әр адамның дауысы маңызды. Біз ұжым болып, еліміздің болашағына бей-жай қарамай, өз үлесімізді қосудамыз. Себебі, бүгінгі Сайлау науқан ел болашағын айшықтар тарихи күн. Біз өз таңдауымызды жасадық және барша Қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды.