Өзіңді ұрлықтан сақта

Ұрлық – адамдардың өз мүлкінің қорғалуына немқұрайлы қарауының салдарынан орын алатын өзгенің мүлкін жасырын түрде жымқыру. 

Соңғы 4 айдың қорытындысы бойынша еліміздегі әрбір екінші қылмыстық құқық бұзушылық өзгенің мүлкін ұрлау болып табылады және бұл қылмыстыңең көп таралған түрі – пәтер ұрлығы. Бұған таңғалуға да болмайды, себебі азаматтардың пәтерлері қауіпсіздік тұрғысынан төмендеп, ұрылар үшін оңай олжаға айналуда.Қазіргі уақытта пәтерлердегі ұрлықтың алдын алудың ең тиімді жолы дабылқаққыштар, ал подъездерде бейнебақылау камераларын немесе олардың муляждарын, терезелерге темір торды және темір есіктерді орнату болып табылады.

Ұрлықтардың үштен бірі қоғамдық орындарда тіркеледі. Қоғамдық көлік ішінде, базарларда, супермаркеттерде және сол сияқты жерлерде азаматтар өзімен бірге алып жүретін заттарына абай болуы керек.Аталған орындарға кірген кезде азаматтар сөмкелерін, пакеттерін көзден таса етпей, киімнің, сөмкелердің ағытпаларын жауып, ұялы телефонын, ақшасын және басқа да бағалы заттарын киімнің артқы немесе жанындағы қалталарға салмау керектігін білуі қажет. Еш уақытта банктік карточкалармен бірге олардың пин-кодтары жазылған қағаздарды бірге ұстауға болмайды.

Азаматтардың жеке көліктерінен ұрлық жиі жасалынуда. Ұрланатын заттардың қатарына көптеген жағдайларда магнитолалар, аудио аппаратуралар және көліктің ішіндежатқан басқа да бағалы заттар жатады. Бұл жағдайда дабылқаққыштар орнату, көліктерді күзетілетін арнайы жерлеге немесе жарық түсетін орындарға қою қауіпсіздік шаралардың ең негізгі түрі болып табылады. Көліктің ішіндегі бағалы заттар мен құжаттарды қалдыруға болмайтынын естен шығармаңыздар.Ұрлықты болдырмау үшін көліктегі бағалы заттарды көзге бірден көрінетін жерлерде қалдырмауға көңіл бөлу керек. Себебі көліктің әйнегін шағып алып кету қауіпі бар.

Сонымен қатар ауылдық жерде мал ұрлығы өзекті мәселеге айналуда. Жеке малдарыңыздың қауіпсіздігіне жете көңіл аудару керектігін тағы да бір рет ауыл тұрғындарының естеріне салғым келеді. Мал бағатын адамға берген қаражатыңыз ұрлануы мүмкін бір бас малыңыздың шығынын да ақтайтыны сөзсіз.Ауылға келген бөтен көліктерге үнемі көз қырын салып, олардың маркасын, түсін, тіркеу нөмірлерін есте сақтауға тырысыңыз. Ұрланған жағдайда дереу полицияға хабарлауыңыз керек, себебіқылмы «ізін суытпай» тергелгенде тез ашылады.

Осы қиын емес ережелерді орындау жеке мүлкіңіздің ұрлану қауіпін төмендетеді.

Барлық жасалған немесе жасалғалы жатқан қылмыстар туралы сіздер «102» телефоны арқылы полицияға хабарлауға немесе http://qamqor.gov.kz ақпараттық сервисы бойынша электронды түрде арыз бере аласыздар.

М.СМАГУЛОВ,

аудандық прокуратурасының прокуроры.             

Мәліметпен бөлісу: