
Өмірбаяны
Аханов Дулат Даукенұлы, 1984 жылдың 1-ші қаңтарында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Көксу ауыл шаруашылығы колледжін «Ауыл шаруашылығын автоматтандыру және электрлендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алакөл аудандық электр желілері мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының тұрақты дамуына үлес қосу, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және ауданның инфрақұрылымын жақсарту – басты мақсатым. Электрмен жабдықтау сапасын арттыру, инженерлік желілерді жаңарту, ауылдық елді мекендердің дамуына қолдау көрсету, халықты толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал ету бағытында жұмыс жүргіземін. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауды өзімнің негізгі міндетім деп санаймын.
