
Өмірбаяны
Базилбаев Сабыржан Төлеуұлы, 1977 жылдың 29-шы мамырда Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылында дүниеге келген. У.А. Жолдасбеков атындағы институтты экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Каримова» жеке кәсіпкерлігінде аға оператор болып жұмыс істейді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының дамуына үлес қосу, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау – басты мақсатым. Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету, шағын және орта бизнесті дамыту, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыс жүргіземін. Халықтың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, тұрғындардың мүддесін қорғауға және ауданның өркендеуіне атсалысуға күш саламын.
