Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Әбділдаев Әлішер Мұратұлы

Өмірбаяны

Әбділдаев Әлішер Мұратұлы 1993 жылдың 3-ші сәуірінде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы университетті «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтүбек орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданының дамуына үлес қосу, білім беру сапасын арттыру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты мақсатым. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, жас ұрпақтың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жастар саясатын дамыту және ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету бағытында жұмыс жүргіземін. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, ел игілігі жолында қызмет етуге күш саламын.

Мәліметпен бөлісу: