
Өмірбаяны
Әділбек Досымбек, Жексембекұлы, 1994 жылдың 29-шы мамырында Алматы облысы, Сарқан ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжін «Электрик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы «Шымкент» университетін «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ-де математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданында білім беру сапасын арттыру, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету және жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау – басты мақсатым. Ұстаздардың мәртебесін көтеруге, жастардың білім мен ғылымға қызығушылығын арттыруға, ауыл балаларының жан-жақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға күш саламын. Ауданның білім саласын дамыту жолында халықпен бірлесе жұмыс істеуге дайынмын.
