Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Казизова Рысгүл Рысбайқызы

Өмірбаяны

Казизова Рысгүл Рысбайқызы, 2000 жылдың 26-шы қазанында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Түнқұрыс ауылында дүниеге келген. 2020 жылы «Жетісу» құрылыс-техникалық колледжін «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қабанбай ауылындағы «Балалар шығармашылық орталығы» КММ-де әдіскер қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданында білім беру мен шығармашылық салаларын дамыту, балалар мен жастардың қабілетін шыңдауға мүмкіндік жасау – басты мақсатым. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың өнерге, мәдениетке және шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Әйелдер мен жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысамын.

Мәліметпен бөлісу: