
Өмірбаяны
Копчикбаев Самат Жанашевич, 1990 жылдың 5-ші шілдесінде, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. 2008–2012 жылдары Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылғы 8 тамыздан бастап Алакөл аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалған.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау – басты мақсатым. Ауылдардағы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға, балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына және талантты спортшыларды қолдауға ықпал етемін. Сонымен қатар ауылдық округтердің әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастардың бастамаларын қолдауға және ауданның дамуына үлес қосуға күш саламын.
