
Өмірбаяны
Мұхаметқалиев Алтай Құмарұлы, 1967 жылдың 11-ші тамызында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында тұрады. Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта Қабанбай ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Сайлауалды бағдарламасы
Ауыл шаруашылығын, әсіресе мал шаруашылығы мен ветеринария саласын дамытуға үлес қосу – басты мақсатым. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызмет сапасын арттыруға, мал ауруларының алдын алу шараларын күшейтуге және шаруалардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етемін. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, елді мекеннің дамуына атсалысамын.
