
Өмірбаяны
Малгаждаров Нұртай Малгеждарұлы, 1968 жылдың 1 маусымда Алматы облысы, Андреевка ауданындағы Андреевка ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Қабанбай ауылында тұрады. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ұлттық паркте мемлекеттік инспектор қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, табиғи байлықтарын сақтау және туризм саласын дамыту – басты мақсатым. Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және жергілікті мәселелердің шешілуіне ықпал ету бағытында жұмыс жүргіземін. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, ауданның өркендеуі мен болашақ ұрпақтың игілігі жолында еңбек етуге күш саламын.
