Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Нұрмұханов Тасқын Төлеуғазыұлы

Өмірбаяны

Нұрмұханов Тасқын Төлеуғазыұлы, 1990 жылдың 24-ші сәуірінде Алматы облысы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика саласында еңбек етеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданының дамуына үлес қосу, жастар мен жасөспірімдерге сапалы білім мен тәрбие беруді қолдау, бұқаралық спортты дамыту – басты мақсатым. Ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды жақсартуға, балалар мен жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға және білім беру саласындағы өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етемін. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге күш саламын.

Мәліметпен бөлісу: