
Өмірбаяны
Төлегенов Қайрат Мирасилұлы, 1973 жылдың 25-ші қарашада Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алакөл аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және халықтың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету – басты мақсатым. Ауданның инфрақұрылымын дамыту, жолдардың сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің жағдайын көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының дамуына қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізуді көздеймін. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, олардың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізуге, заңды мүдделерін қорғауға және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға күш саламын. Ел игілігі жолындағы әрбір бастаманың жүзеге асуына атсалысу – негізгі ұстанымым.
