
Өмірбаяны
Төлегенов Мұрат Мирасилұлы 1972 жылдың 23-ші мамырында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын «Физика және информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта «Алакөл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарады.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және коммуналдық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту – басты мақсатым. Ауыз сумен қамту жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету және халықтың ұсыныс-пікірлерін ескеру бағытында жұмыс жүргіземін. Аудан тұрғындарының мүддесін қорғап, ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдауды негізгі міндетім деп санаймын.
