
Өмірбаяны
Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы, 1968 жылдың 26-шы мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Талдықорған қаласындағы Талдықорған зооветеринарлық техникумын «Зоотехния» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы Алматы қаласындағы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жағатал ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерін дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауыл шаруашылығы саласын қолдау – басты мақсатым. Ауылдардың инфрақұрылымын жетілдіру, жол, ауызсу және абаттандыру мәселелерін шешуге ықпал ету, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығының дамуына қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргіземін. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, халықтың мүддесін қорғау мен ел игілігіне қызмет етуді негізгі міндетім деп санаймын.
