
Өмірбаян
Тукеева Лаура Қадырбайқызы 1988 жылы 21 ақпанда Жетісу облысы Алакөл ауданы Тоқжайлау ауылында дүниеге келген.
1995-2006 жылдары «Дзержинский» орта мектебінде 11 жылдық білім алды.
2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Туризм» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2011 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасында бастады. 2017 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі таңға дейін «ӘДІЛЕТ» партиясы Алакөл аудандық филиалының консультанты қызметін атқарады.
Партия саласындағы белсенді қызметі мен қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін 2023 жылы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше мәрте Алғыс хатымен марапатталған.
Сайлауалды бағдарламасы
Үшарал қаласының ішкі көшелерін жөндеу, жол сапасын жақсарту, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, көше жарықтандыру жүйесін жаңарту және қоғамдық көлік қатынасын дамыту мәселелерін көтеру. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару.
Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету, су құбырлары мен кәріз жүйелерін жаңарту, жылу желілерінің жағдайын жақсарту және электр энергиясының үздіксіз берілуіне ықпал ету. Коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін бақылауда ұстау.
«Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы кәсіп бастауға ниетті азаматтарға ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсету. Шағын кәсіпкерлікті, отбасылық бизнесті, сауда мен қызмет көрсету саласын дамытуға жағдай жасауға ықпал ету.
Қалада жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін көтеру, жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларына тарту, кәсіби білім алу мен қайта даярлау мүмкіндіктерін кеңейту. Жастардың өз кәсібін ашуына және тұрақты табыс табуына қолдау көрсету.
Қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектептердегі интернет сапасын арттыру мәселелерін көтеру. Балабақша орындарының қолжетімділігіне, балалардың қауіпсіздігіне және қосымша білім беру үйірмелерінің дамуына назар аудару.
