Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Жұмабеков Саят Спандиярұлы

Өмірбаяны

Жұмабеков Саят Спандиярұлы, 1972-ші жылдың 13-ші маусымында Алматы облысы, Қапал ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Үшарал қаласында тұрады. 1994 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмамдаған. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы ветеринария басқармасына қарасты «Алакөл ауданының ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданында ветеринария саласын дамыту, ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын сақтау және ветеринариялық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету – негізгі мақсатым. Мал дәрігерлік пункттердің жұмысын жетілдіруге, аурулардың алдын алу шараларын күшейтуге, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысамын. Ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру жолында еңбек етуге күш саламын.

Мәліметпен бөлісу: