Жетісуда құрылыс қарқыны артады: биыл 59 нысан пайдалануға беріледі

Жетісу облысында құрылыс саласын дамытуға бағытталған қаржыландыру көлемі артып келеді. 2026 жылы облыстық құрылыс басқармасының бюджеті 155,7 млрд теңгеге жетті.
Жыл басынан бері жоспарланған қаржының 98 пайыздан астамы игерілді. Қазіргі таңда облыс аумағында 94 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, тағы 22 жоба бойынша жобалау жұмыстары қолға алынған.
Жыл басынан бері 29 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 30 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, тұрғын үйлер, инженерлік-коммуникациялық желілер, мәдениет және спорт нысандары, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы нысандары бар.
Сонымен қатар 2027 жылы 35 нысанда құрылыс жұмыстарын жалғастыру көзделген.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2027 жылды ауқымды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау жөніндегі ұсынысы еліміздегі құрылыс саласын жандандыруға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Мәліметпен бөлісу: